Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында екі көлікті айдап кеткен жігіт анықталды

Қостанай облысында екі көлікті айдап кеткен жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арқалық қаласының Полиция басқармасына 19 қарашада үйлердің аулаларынан аз ғана уақыт айырмашылығымен бірден Nissan Primera және Toyota Camry екі көлігінің ұрланғаны туралы арыздар келіп түсті.

Көлік иелерінің айтуынша, автокөліктер кілттенбеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бұрын сотталмаған 18 жастағы азаматты ұстады. Ол бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды.

Жас жігіттің алдымен бір көлікті ұрлап, онымен жол жиегіне шығып кетіп, жол көлік оқиғасын жасағаны анықталды. Содан кейін ол салоннан автомагнитоланы ұрлап, көлікті тастап кеткен. Екінші көлікті де дәл осылай ұрлап, ЖКО-дан кейін оны да сол жерде қалдырып кеткен.

Полицейлер Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабы (Көлікті заңсыз иемдену) және 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру