Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Ұлыңды жұмысқа орналастырып беремін»: Сарыағашта тұрғынды алдаған әйел анықталды

Сарыағашта ұлыңды жұмысқа орналастырып беремін деп тұрғынды алдаған әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш полициясына арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни, оның танысы ұлыңды жұмысқа орналастырып беремін деп сеніміне кіріп, 800 мың теңгесін алған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Сарыағаштық тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз, жергілікті тұрғынды анықтады.

Белгілі болғандай, сезікті әйел алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру