Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда көлік ұрлап, аккумуляторын шешіп алған күдікті қолға түсті

Қарағандыда көлік ұрлап, аккумуляторын шешіп алған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші жекеменшік мекемеде жүргізуші болып жұмыс істейтінін және оған қызметтік көлік берілгенін айтты. Кешкілік уақытта ол жұмыстан келгенде көлігін үйінің ауласына қойған. Ал таңертең көлікті белгісіз біреу айдап әкеткенін көрген.

Арыз түскен соң арада бірнеше уақыт өткенде полиция қызметкерлері ұрланған көлікті қала көшелерінің бірінен тауып алды. Көліктің алдыңғы жолаушы отыратын жақтың терезесінің сынғаны және оның аккумуляторының жоқ екені белгілі болды. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы күдікті ұсталды. Ол қылмысы бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру