Қызылордалық полицейлер толғақ қысқан әйелге қол ұшын созды
Қызылордалық полицейлер толғақ қысқан әйелге қол ұшын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері әкімшілік аумақты аралау барысында Белкөл кентінің аумағында күннің суығында бұзылып тұрған автокөлікті байқаған.
Тоқтап, мән-жайды сұрастырып, олардың Жаңақорған ауданынан келе жатқанын біледі. Көлік жүргізушісі автокөлікте жүкті әйелдің толғағы басталып, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу керектігін айтады.
Оқиғаның мән-жайын естіген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Самат Шорағазиев, Сағындық Мырзахожаев, Нұрболат Амандық «103» арнасына хабарласып, жедел жәрдемнің шұғыл түрде келуін және Ана мен бала орталығына кедергісіз жетуін қамтамасыз еткен.
Соңынан белгілі болғандай, әйел егіз сәбиді күтіп жүрген. Полицейлердің жеделдігі мен дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында әйел аман-есен егіз босанды.
ВИДЕО МҰНДА
Өз кезегінде егіздердің анасы жедел көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.