Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полицейлер "Жас сақшы" сыныбының оқушыларымен кездесті

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері "Жас сақшы" сыныбының оқушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінде "Жас сақшы" полиция сыныбының оқушылары мен полиция қызметкерлері арасында тағылымды кездесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін насихаттау, жас қызметкерлер мен жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ рухани құндылықтарды дәріптеу болды.

Кездесуге Қызылорда облысы полиция департаменті жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Аида Шарипова  және Сырдария ауданы полиция бөлімі бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары Асхат Төлеуов қатысып, оқушылармен еркін форматта мазмұнды әңгіме өрбітті.

Шара барысында кітаптың адам өміріндегі айрықша орны, оның тұлғаның рухани кемелденуі мен дүниетанымының қалыптасуына қосатын үлесі кеңінен сөз болды. Қатысушылар кітап оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп, білімін тереңдететін, адамгершілік құндылықтарды бойға сіңіретін маңызды рухани қазына екендігін атап өтті. Полиция қызметкерлері де өз ойларымен бөлісіп, кітаптың әрбір азаматтың өмірлік ұстанымы мен парасат-пайымының қалыптасуында ерекше рөл атқаратынын жеткізді.

Мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор бұл кездесу жас буынның кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани дамуына серпін берді. Осындай тағылымды жиындар жастарды білімге құштарлыққа баулып, ұлттық және рухани құндылықтарды құрметтеуге үндейтіні сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру