Алматыда түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдердің ата-анасы айыппұл арқалады
6 мыңнан астам алматылыққа балаларының түнгі уақытта көшеде жүргені үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, ювеналды полиция қызметкерлері түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, үйлерінен тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде жүйелі түрде рейдтер жүргізіледі.
– Ағымдағы жылдың басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1,2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық негізінде 6354 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 185 кәсіпкерлік субъектісіне де әкімшілік шара қолданылды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.