Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған 7 бас жылқысын тауып берді
Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған 7 бас жылқысын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын 7 бас жылқысының жоғалып кеткендігі туралы айтып, оны табуға көмек сұраған. Ол жылқыларының Ынталы ауылына қарасты егістік алқапта жайылымға жібергенін, оларды іздеп барғанында сол аймақтан таба алмағандығын айтып көрсеткен.
Келтірілген шығын көлемі 4 миллион теңгеге жуық болған.
Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел іздеуге кірісті. Ауыл-аймақты толық тексеріп, бақташылардан жауап алды. Жүргізілген іздестіру іс-шаралардың нәтижесінде жоғалған жылқылар бірнеше күн ішінде көрші ауылдан табылды. Яғни, 10-15 шақырымдық жерде жайылып жүрген. Осылайша тәртіп сақшылары жоғалған жылқыларды тауып, өз иесіне табыстады.
– Мен жылқыларымды жоғалтып алып, өз бетімше 3 күн іздеп, таба алмадым. Содан тәртіп сақшыларына хабарластым. Олар 5 күнге жеткізбей жылқыларымды тауып берді. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Оның ішінде учаскелік полиция инспекторларына мың рақмет! Жұмыстарыңыз өрге баса берсін, – деп ауыл тұрғыны М. Кенжебаев алғысын айтты.