Павлодар облысында жаяу жүргінші жарақат алды
Павлодар облысында жаяу жүргінші жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 желтоқсанда сағат 21.25-те Павлодар қаласында ВАЗ-21113 автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйге қарама-қарсы жолда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолды кесіп өтіп бара жатқан 53 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
– ЖКО салдарынан жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды. Тексеру жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция департаменті рөлге отырған әр жүргізуші өзінің, жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің өміріне жауап беретінін еске салады. Барлық жол-көлік оқиғалары көлік құралдары жүргізушілерінің кінәсінен, жеке басының немқұрайлылығына немесе менмендігіне байланысты орын алады. Көбісі жол қозғалысы ережелерін және қарапайым қауіпсіздік шараларын елемей, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға жол береді, аяғында мұның бәрі қайғылы салдарға әкеледі. Осыған орай полиция қызметкерлері жүргізушілерден және жол қозғалысының өзге де қатысушыларынан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.