ШҚО-да шыршаны заңсыз сатудың 5 дерегі тіркелді
ШҚО-да шыршаны заңсыз сатудың 5 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан аумағында 15-31 желтоқсан аралығында Полиция департаменті орман қорғау органдарымен бірлесіп, жаңа жыл қарсаңында ағаштардың қылқан жапырақты ағаштарын заңсыз кесу, дайындау, тасымалдау және сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды өткізу бойынша жұмыс ұйымдастырды.
Полиция, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекцияларының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатарынан 28 мобильді топ құрылды. Аңшылық шаруашылықтарына, алқаптарға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға шығу жолдарында кіреберістерінде бекеттер қойылды, сондай-ақ базарларда және басқа жерлерде шыршаларды тасымалдау мен өткізудің заңдылығы тұрғысынан бақылау күшейтілді.
12 күн ішінде ШҚО құқықтық тәртіп сақшылары өсімдіктер әлемі саласында 9 құқық бұзушылықты анықтады. Олардың ішінде ағаштарды заңсыз кескені үшін 1 әкімшілік құқық бұзушылық, 3 жасыл желектерді бүлдіргені және белгіленбеген жерде шырша бұтақтарын сатудың 5 дерегі тіркелген.