Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта танысын 600 мың теңгеге алдап кеткен ер адам анықталды

Сарыағашта танысын 600 мың теңгеге алдап кеткен ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді. Оның айтуынша, сырттай танысы мүгедектікке шығарып беремін деп сеніміне кіріп, 2021 жылдың желтоқсан айында 600 мың теңге ақша алған. Содан арада 1 жылға жуық уақыт өтсе де, уәдесін орындамаған, не ақшасын қайтармаған. Дәл осындай арызбен полицияға бірнеше әйел шағым түсіріп, алданғандарын көрсетті.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. 

Хабар алысымен сарыағаштық полицейлер жедел әрекет етті. Тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен сезіктіні қолға түсіру бағытында қарқынды іздестіру шараларын жүргізді. Алаяқтық қылмысын ашу мақсатында жәбірленушілерден нақты ақпараттар алды. Келіп түскен ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Ол жұмыссыз ер адам, Келес ауданының тұрғыны болып шықты. Бұл алаяқтық қылмысы бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, сезіктінің жалпы 3 жайтқа қатысы бары анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру