Павлодар облысының ПД басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
28 желтоқсанда Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған жоба аясында ҚР Ішкі істер министрлігі өткізген «Погонды журналист» республикалық байқауының жеңімпазы атанған өңірдің БАҚ өкілдерін марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Василий Скляр қатысушыларды келе жатқан мерекелермен құттықтап, ынтымақтастық үшін алғысын білдірді. Сонымен «Погонды журналист» байқауының қорытындысы бойынша ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен «Үздік мақала» номинациясы бойынша дипломмен «Звезда Прииртышья» газетінің тілшісі Құралай Шаяхметова, «Үздік сюжет» номинациясы бойынша дипломмен «Ертіс телеарнасы» телеарнасының тілшісі Артур Поляков, ІІМ Құрмет грамотасымен Ақсу қаласы «Ақ жол» газетінің тілшісі Ақмарал Ерманат марапатталды.
Сонымен қатар өткен жылы еліміздің мектептерінде Ішкі істер министрлігі «Еуразияның бірінші арнасымен» бірлесіп 20-ға жуық қауіпсіздік сабағын өткізді. Телеарнаның өз тілшісінің сюжеттерін сондай-ақ министрлік те бағалаған. Жүргізіліп жатқан оқушылардың профилактикасы мен қауіпсіздігі туралы бірқатар телевизиялық сюжеттері үшін ІІМ Құрмет грамотасымен телеарнаның жеке тілшісі Майя Шуақбаева марапатталды.
– Сіздердің жұмыстарыңызды Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жоғары бағалады. Сондай-ақ мен облысымыздың барлық полицейлерінің атынан полиция қызметкерлерінің күрделі және батыл жұмысын көрсететін жарияланымдар мен телевизиялық сюжеттерге ризашылығымды білдіремін. Бұл ішкі істер органдарының қызметін объективті бағалау және одан да жақсы нәтижелерге қол жеткізуге үлкен ынталандыру, – деп атап өтті Василий Скляр.
Айта кету керек, бұл байқауды ІІМ екінші жыл өткізіп келеді. Осы байқауға биыл 60 республикалық және өңірлік БАҚ журналисі қатысты. Интернет кеңістігінде, баспа басылымдарында және теледидарда әртүрлі полиция қызметтерінің, тергеушілердің, анықтаушылардың, криминалистердің, кинологтардың, патрульдік полицейлердің, сондай-ақ учаскелік полиция қызметкерлерінің және басқалардың жұмысы туралы 90 материал шығарылды.