Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жеткізу» қызметін сылтауратып, Астана тұрғындарын алдаған алаяқ ұсталды

«Жеткізу» қызметін сылтауратып, Астана тұрғындарын алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданының полиция қызметкерлері алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Көкшетау қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам «Яндекс курьер» мобильдік қосымшасына тіркеліп, жеткізу қызметін сылтауратып, алаяқтық жолмен 3,6 млн теңгеден астам көлемде астаналықтардың ақшалай қаражатын иемденген.

Тапсырыс берушіден өтінімді қабылдай отырып, қаскүнем жаңа тауарды дүкеннен барып алған, бірақ оны кері жеткізу пунктіне апармаған. Алданған қала тұрғындары алаяқтың телефонына хабарласа алмаған. Ер адамның алаяқтықпен жинаған қоржынында телефондар, ноутбуктер, сымсыз құлаққаптар және басқа да құрылғылар бар.

Алаяқтық әрекеттердің барлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру