Елордада мас жанжалқор 10 тәулікке қамауға алынды
Елордада мас жанжалқор 10 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Таңертең «102» арнасына елорданың 50 жастағы тұрғынынан оның бірге тұратын ер адамы мас күйінде үйде жанжал шығарғаны туралы хабар келіп түсті.
43 жастағы ер адам өткен жылдың 30 желтоқсанында бірге тұратын әйеліне келіп, Жаңа жылды тойлай бастағаны және бір апта бойы ішімдік ішіп, бірге тұратын әйеліне жанжал шығарғаны анықталды. Сондай-ақ ол әйелдің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, балағат сөздер айтып, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен екен.
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды қолдануға тыйым сала отырып, 12 ай мерзімге құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап белгіленді.