Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны жауапкершілігі үшін марапатталды

Елорда тұрғыны жауапкершілігі үшін марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны Астана қаласы ПД бастығы Марат Төлебаевтың атынан белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапатталды. Департамент бастығының құқығымен Бахтияр Копабаев бағалы сыйлық қол сағаттарымен және грамотамен марапатталды.

Күндізгі уақытта 22 жастағы жүргізуші Daewoo Nexia автокөлігін басқарып келе жатып, Кенесары көшесімен Күмісбеков көшесіне қарай жүріп, бағдаршамның тыйым салатын сигналына реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен өткені анықталды. Әрі қарай Күмісбеков көшесімен Сейфуллин көшесінің қиылысында ол Lexus автокөлігіне апаттық жағдай туғызған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген.

Құқық бұзушылық орын алғанын сол көшемен жүріп келе жатқан такси жүргізушісі растады. Ол автомобиль камерасынан бейнежазба ұсынған.

Daewoo Nexia жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабы 10-бөлігі, 599-бабы 1-бөлігі, 606-бабы 1-бөлігі, 620-бабы бойынша бірден 4 әкімшілік іс қозғалды.

Автокөлік коммуналдық автотұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру