Қақаған аязда жолда қалып қойған мәскеуліктер Ақмола полицейлеріне алғыс білдірді
Қақаған аязда жолда қалып қойған мәскеуліктер Ақмола полицейлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне Ресей Федерациясының тұрғыны Павел Рязанов Ақмола облысы Полиция департаментінің instagram-аккаунтының жеке парағына хабарлама жазып, алғысын білдірді.
11 қаңтарда Рязановтар отбасы екі баласымен көліктің бұзылуына байланысты Жақсы-Есіл-Бұзұлық автожолының 46 шақырымында қалып қойған. Мәскеу қаласының тумалары Қазақстанға достарын көруге және демалыс кезінде балаларға саяхат ұйымдастыру үшін келген. Алайда Астана қаласынан Қостанай облысына бара жатқанда Красивое ауылы мен Есіл қаласының арасында түнгі сағат 02.30-да отбасының көлігі сынып қалып, отағасы «102» нөміріне қоңырау шалған.
Оқиға орнына Ақмола облысы ПД ППБ 4-ші взводының командирі Ерлан Дарбаев келді. Полиция қызметкері істен шыққан көлікті ТҚС-ға сүйреп апарды, ал тоңып қалған жүргізуші мен оның жолаушылары қонақ үйге орналастырылды.
https://www.youtube.com/watch?v=6Iexe5gsdrQ Павел Рязанов өз хабарламасында полиция қызметкеріне жоғары азаматтық ұстанымы мен көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді.