Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД өткен жылды қорытындылады
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД өткен жылды қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті 2022 жылғы жұмысын қорытындылап, алдағы кезеңге қойылған міндеттерді талқылады. Қорытынды жедел-қызметтік кеңеске ҚАЖ департаментінің басшылығы және оған бағынысты мекемелердің бастықтары, қалалық пробация қызметтері мен департаменттің бөлім бастықтары және «Еңбек- Жайық» РМК директоры, жеке құрам қатысты.
Жедел кеңесте 2022 жылдың 12 айында атқарылған жедел-қызмет жұмыстарының жұмыс қорытындылары туралы баяндама жасаған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70, №8 және №9 мекемелердің бастықтары мекемелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Баяндамашыларды тыңдаған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев жыл қорытындысы негізінде мекемелерде жіберілген кемшіліктерге назар аударды. Осы орайда мекеме аумағына алып өтуге тыйым салынған заттарға қатысты бақылап-өткізу бекетіндегі тексеру-тінту жұмыстарын, тексеруге қажетті техникалардың толық жұмыс жасауын бұрынғысынан бетер жандандырып, тиісті шараларды қолға алуды тапсырды.
Департамент бастығы күн тәртібінен түспейтін басты мәселе – жеке құрам арасындағы тәрбие жұмыстары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және түзеу мекемелеріндегі, сондай-ақ пробация есебінде жазасын өтеуші сотталғандарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, оларға медициналық, психологиялық көмек көрсету жұмыстарын күшейту керек екенін баса айтты. Ал жиын соңында айтылған сын-ескертпелерді түзету, жою мақсатында жұмыс жасалып, жақсы көрсеткіштерге жету жолында тиісті іс-шаралар қабылданатынына сенім білдірді.