Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда базарда және қоғамдық орындарда ұрлық жасап жүрген күдіктілер ұсталды

Алматыда базарда және қоғамдық орындарда ұрлық жасап жүрген күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлық жасаған қаскөйлер ұсталды.

– Бұл – 1997 жылы туған Б.есімді азамат және 2003 жылы туған С.есімді азамат. Олар техниканы ұрлады деген күдікке ілінді. Орталық киім базарында орналасқан сауда орталығындағы бутиктердің бірінде жастар дауыс зорайтқыштарды ұрлап кеткен. Олардың айтуынша, мұндай қадамға баруға қосымша ақша табуды ұсынған бейтаныс адам мәжбүрлеген. Техникалық құрал айғақты зат ретінде тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Қазіргі уақытта ҚР ҚПК-нің 24-бабы бойынша шаралар қабылданып жатыр. Ұсталғандардың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріледі. Жедел нұсқалардың біріне сәйкес, олар қоғамдық орындарда да ұрлықпен айналысып, қала тұрғындарын тонаған, – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру