Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер тұрғындарды 6 млн теңгеге алдаған алаяқты құрықтады

Маңғыстаулық полицейлер тұрғындарды 6 млн теңгеге алдаған алаяқты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс тұрғындары кезекті полиция бөлімшесіне бірнеше дерек бойынша алдап кеткен алаяқ әйелдің үстінен арызданды. Теріс әрекетке барған алаяқ әйел жәбірленушілердің біріне балық алып беремін деп уәде етсе, енді бірін жер алуға көмектесемін деп алдаған. Әйелдің құрығына түскен қалған бес жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 5,7 млн теңгені құрайды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен 36 жастағы күдікті анықталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мнддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру