Қызылорданың жеті тұрғынын алдаған әккі алаяқ қолға түсті
Қызылорданың жеті тұрғынын алдаған әккі алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне жеті қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленушілерден танысы 2022 жылдан бастап үй алып беремін деп алдап, жалпы 920 мың теңге сомада ақша алған.
Басқарма қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде қала тұрғындарын сан соқтырған бұрын сотты болған 40 жастағы күдікті азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.