Қостанай облысының полицейлері ұрлық жасаған ер адамды ұстады
Қостанай облысының полицейлері бірнеше рет ұрлық жасаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарасу ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғындардың ауласындағы ұрлықты ашты.
Қарасу ауданының полициясына Айдарлы ауылының тұрғындарынан бірнеше өтініш келіп түскен. Олар өз арыздарында үйлердің аулаларынан құрылыс материалдары жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Жалпы шығын 70 мың теңгеден асады. Ұрлық терезеден кіру арқылы жасалған.
– Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді, оның барысында бұрын сотталған, 32 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Қарасу ауданы ПБ бастығының орынбасары Алмат Досов.
Ұрланған заттар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Ер адам бұрын осындай қылмыстар үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.