«Кибер-шериф» кешені: Павлодар облысында мыңнан астам заң бұзушылық анықталды
Павлодар облысында «Кибер-шериф» кешенінің көмегімен 1141 заң бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Кибер-Шериф» кешені павлодар жолдарын патрульдеп жүр. Қазіргі уақытта облыста одан әрі инспекторға хабарлаумен іздестіру базасы бойынша объектілерді автоматтық түрде тексерумен, мемлекеттік тіркеу белгілерін анықтаумен ЖҚЕ-ні бұзатын жүргізушілерді бейне жазбаға тіркейтін және жазатын осындай төрт кешен жұмыс жасап жатыр.
Адамдық факторды жою осы құралдың тиімділігін көрсетудің маңызды тұсы екендігі белгілі. Толық автоматтандыру барлық деректерді тексеруге және серверге жіберуге, тез сақтауға, бірнеше іздестіру базасымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. «Кибер шериф» осы көлік құралын іздестіруде бар-жоғын бірден анықтап беруге мүмкіндік береді. Осы аппараттық кешен жұмыстарының нәтижесінде жылдың басынан бастап жалпы соммасы 14 млн 757 теңгеге айыппұл салынған 1141 заң бұзушылық анықталды.
Көлік құралдары бойынша 800-ден аса сәйкес келу тіркелді. Айыппұл тұрағына әртүрлі құқық бұзушылықтары үшін 5 көлік қойылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Борис Әлімбаев.