Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есірткі жарнамасы бар 30 граффити жойылды

Атырауда есірткі жарнамасы бар 30 граффити жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қаңтарда Атырауда Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының “Атырау қаласының жастар ресурстық ортылығы” КММ мен Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының есірткі құралдарын жарнамалау жүзеге асырылатын сайттарға сілтемелері бар тыйым салынған жазуларды бояу бойынша бірлескен рейдтік іс-шара жүргізілді.

Бірлескен іс-шара барысында бояу түрлерімен Алиев пен Орталық көпір бойындағы есірткі туралы заңсыз жарнамасы бар 30 граффити жойылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Айта кету керек, Қазақстанда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді насихаттағаны және заңсыз жарнамалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Сондықтан полицейлер есірткі заттарының граффити-жарнамасына куә болған адамдардан “102” операторының пультіне немесе 98-21-55 (Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы), 27-03-92 (Облыс әкімдігінің білім басқармасы) сенім телефондары арқылы дереу хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру