Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Борышкер” ЖПІШ: Түркістан облысында 5 млн теңгеге жуық айыппұл өндірілді

Түркістан облысында “Борышкер” ЖПІШ аясында екі күнде 5 млн теңгеге жуық айыппұл өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, облыс көлемінде 24-28 қаңтар аралығында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Аталған іс-шара барысында Түркістан қаласының әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері сот орындаушыларымен бірлесіп жұмыс атқарады. Бұл мобильді топ борышкерлердің автокөліктерін тоқтатып, төленбеген әкімшілік айыппұлдарының бар-жоғын тексереді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

“Борышкер” іс-шарасы кезінде Түркістан қаласы полицейлер 22 көлікті тоқтатып, айыптұраққа жеткізді. Оның ішінде 8-і айыппұлын төлемеген борышкерлердің көлігі. Учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты жері бойынша берешектерін төлеу қажеттілігі туралы 129 ұйғарым жіберді. Сонымен қатар түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 718 әкімшілік хаттама жасалып, 5 миллион теңгеге жуық айыппұл өндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру