Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында мас жүргізуші жазаланды

Абай облысында полицейлер көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушіні жазалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы қаңтар айының басында облыс орталығының көшелерін патрульдеу барысында қаланың 35 жастағы тұрғынының басқаруымен Toyota автокөлігі тоқтатылды.

 

Тексеру барысында ер адамның 2022 жылы сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылғаны және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жазаға тартылғаны анықталды.

Алайда аталған азамат өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, қайтадан көлік тізгініне жайғасқан.

Сараптама қорытындысы медициналық куәландыруға жеткізілген 35 жастағы жүргізушінің жеңіл масаң күйде екенін көрсетті.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру