Абай облысының полицейлері мал ұрысын ұстады
Абай облысының полицейлері мал ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қаңтар күні Семей қаласы ПБ Әуезов полиция бөліміне шаруа қожалығының 57 жастағы басшысы келіп, өзіне тиесілі малдың ұрланғаны туралы хабарлаған.
Ер адам ағымдағы жылдың 11-12 қаңтары аралығында Семей қаласынан 56 км қашықтықта орналасқан Курчатов тас жолының бойындағы шаруа қожалығының еркін жайылымынан әртүрлі және әр жастағы 6 бас ІҚМ жоғалып кеткенін баяндаған. Келтірілген залал сомасы 2 млн 10 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жәбірленушіге тиесілі шаруа қожалығында жұмыс істейтін 50 жастағы малшы анықталды.
Белгілі болғандай, 50 жастағы ер адам малды сатып жіберген, ал түскен қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап тастаған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.