Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде Маңғыстау облысынан келген гастролер ұсталды

Ақтөбеде Маңғыстау облысынан келген гастролер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 ақпан күні Жаңақоныс-2 тұрғын алабында орналасқан үйге пластикалық терезені бұзу арқылы белгісіз тұлғалар кіріп, зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.

Жедел іс-шараларды жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктінің осы тұрғын алапта жасалған тағы бір пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Ұрланған алтын бұйымдарды орталық базарға тапсырған, оларды полицейлер тәркіледі.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру