Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны ұрланған автокөлікпен қонаққа барған

Ақмола облысының тұрғыны ұрланған автокөлікпен қонаққа барған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 ақпанда Егіндікөл ауданының полиция бөліміне автокөліктің ұрлануы туралы өтінішпен жергілікті тұрғын жүгінді. Иесінің айтуынша, белгісіз адамдар оның ауласында тұрған ВАЗ-21099 автокөлігін ұрлап кеткен. Ұрлау кезінде кілттер тұтандырғышта болғаны белгілі болды.

Дереу полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге кірісті. Ұрлық туралы ақпарат және автокөлік белгілерімен бағдарлау патрульдік полицияның барлық нарядтарына берілді.

Ұрланған көлік келесі күні таңертен табылды. Ұрлыққа өтініш берушінің ауылдасының, оның жұбайының танысының қатысы бары алдын-ала анықталды. 22 жастағы ақмолалық кілттер салон ішінде қалғанын біліп, көрші елді мекенге өз істері бойынша бөтен көлікке мініп кетіп отырған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 200-бабы (Ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Автокөлік заңды иелеріне қайтарылды.

Күдікті бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды, ал өткен жылдың соңында ол дәл осындай тәсілмен басқа біреудің көлігіне мініп кеткен, алайда іс татуласумен аяқталған. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру