Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда бір айда 1 келіден астам есірткі заттары тәркіленді

Маңғыстауда бір айда 1 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында жыл басталғалы полицейлермен 35 есірткіге қарсы құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, қылмыстық кодекстің 297-бабына (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес, бес есірткі қылмысы және 30 есірткі қылмысына қарсы теріс қылықтар тіркелді.

Сондай-ақ, заңсыз есірткі айналымынан салмағы 1,2 келіні құрайтын есірткі заттары тәркіленді. Атап айтсақ, марихуана, апиын, гашиш, сонымен қатар, синтетикалық есірткі заттары да бар.

Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен ұдайы негізде профилактикалық шаралар ұйымдастырылып тұрады. Есірткі қылмысының алдын алу бағыты бойынша қаңтар айында 10 профилактикалық іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, қала аумағында 13 граффити жазулары жойылып, есірткі заттарын жарнамалайтын және сататын 10 ғаламтор сайты бұғатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру