Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 292 тұлға есепке алынды

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 292 тұлға есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының “Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы” заңына сәйкес, қорғау нұсқамасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикалық шараларының бірі болып табылады. Қорғау нұсқамасын бұзу ҚР ӘҚБтК-де белгіленген жауапкершілікке алып келеді.

Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен Маңғыстау облысында жыл басынан бері 292 азамат қорғау нұсқамасын бұзғандығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша жауапқа тартылып, есепке алынды.

Ал 172 тұлға, керісінше, есептен шығарылды. Айта кетейік, полиция қызметкерлерімен тұрғылықты жерлері бойынша ішкі істер органдарының есебінде тұрған 3757 азамат тұрақты негізде тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру