Астана қаласының полицейлері «хош иісті» ұнататын әйелді анықтады
Астана қаласының полицейлері «хош иісті» ұнататын әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгілі болғандай, бұрын істі болған 32 жастағы ұры сағат 15:25-те Тәшенов көшесіндегі «Диона» дүкеніне барған.
Ол өзіне лайықты әтір іздеген клиенттің атын жамылып, VERSACE брендінің иіссуын ұрлаған. Бейнебақылау камераларына түскен жазбаға сәйкес, қаскүнем витриналардың сөрелерінен ұрланған құны шамамен 50 мың теңге тұратын әтірді сыртқы киімінің қалтасына салып, дүкеннен шығып кеткен.
Қазіргі уақытта әйелдің осыған ұқсас ұрлық эпизодтарына қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Оған қатысты ҚР ҚК-нің (Ұрлық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.