Қызылорда облысында Консультативтік кеңесші орган отырысы өтті
Қызылорда облысында Консультативтік кеңесші орган отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 ақпан күні Жаңақорған аудандық агроколледжінде Консультативтік кеңесші орган төрағасы Б.Нуридиновтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Аталған жиынға комиссия мүшелері, тиісті мекеме басшылары қатысты.
Кеңесті консультативтік кеңестің төрағасы ашып, Б.Нуридинов кеңестің бағдарламасымен және күн тәртібінде тұрған мәселелермен таныстырып өтті.
Кеңес отырысында «Құқық бұзушылық деректерінің жан-жақты қаралуы, есепке алу жұмыстары және оларға көрсетілген құқықтық көмектер туралы» – аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы А.Төлешов хабарлама жасады.
Одан соң, аудандық пробация қызметінің бастығы А.Искаков пробация қызметтерінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға және пробация есебіндегі 14-35 жас аралығындағы жастарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жұмыстарының нәтижесі туралы баяндады.
– Қазіргі таңда аудандық пробация қызметінің есебінде 58 сотталған тұрады. Олардың арасында 14-35 жас аралығында он алты сотталған бар. Жуырда бір сотталған 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында мемлекеттен қайтарымсыз 1млн 225 мың теңге грант жеңіп алып, кәсіпкер атанды. Бұдан бөлек төрт сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ сотталғандарға тұрақты түрде әлеуметтік-құқықтық сұрақтары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, олармен спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрады, – деді Анарбек Искаков.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, комиссия төрағасымен тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.