Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері қалта ұрыларын анықтады

Абай облысының полицейлері қалта ұрыларын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қалта ұрыларын ұстау бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қымбат телефондарды ұрлады деген күдікпен облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны полицияның көзіне түсті.

– Жұмыссыз жас жігіт қоғамдық көліктерде қылмыстық жымқырумен айналысып, көлік ішіндегі дүрбелеңді пайдаланып, ұялы телефонды мектеп оқушысының қалтасынан ұрлап алған.

Осыған ұқсас схемамен 27 жастағы жергілікті тұрғын бойжеткеннің ұялы телефонын қолды қылған. Қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды.

Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 1 бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Семей қаласы ПБ бастығы Қ.Әбдіғалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру