Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тәртіп сақшылары қарияның жеке куәлігін жаңартып берді

Түркістан облысының тәртіп сақшылары 90 жасқа жақындаған қарияның жеке куәлігін жаңартып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне тыл және еңбек ардагері Мәдибек Базаровтың жақындары, оның жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткенін, өзі баруға мүмкіндігі жоқ екенін жеткізген. Ақпарат алысымен көші-қон қызметкерлері шұғыл түрде төсек тартып жатқан қарияның құжаттарын дайындауға кірісті.

Полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының инспекторлары ардагердің үйіне барып, құжаттарын даярлау үшін тиісті шараларды атқарды. 90 жасқа жақындаған ақсақалдың құжаттарын тез арада әзірлеп, дайын бола салысымен үйіне апарып табыстады.

Осылайша жеке куәлігін үйінен шықпай-ақ әзірлеп берген тәртіп сақшыларына ардагер мен оның жұбайы алғысын білдірді. Сондай-ақ ерлі-зайыпты қариялар халықтың қандай жағдай болмасын қасынан табылатын тәртіп сақшыларына ақ батасын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру