Елордада әйеліне қол көтерген қызғаншақ күйеу қамауға алынды
Елордада әйеліне қол көтерген қызғаншақ күйеу қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға елорда тұрғынынан, күйеуінің оған қол көтеріп, дөрекі сөздер айтып балағаттайтыны туралы қоңырау түсті.
Қорыққан 36 жастағы әйел полиция қызметкерлерін шақырған. Белгілі болғандай, 28 жастағы ер адам мас күйінде әйелін жұмысынан қызғанып, қызғанышпен оған қол көтерген. Бұл отбасында болған жанжалдың бірінші оқиғасы емес.
Құқық бұзушыға әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған ұрып-соғу үшін ҚР ӘҚБтК 73-2-бабы 2-бөлігі (Ұрып-соғу), 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында «қоғамдық қауіпсіздік» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізетінін еске саламыз. Оның шеңберінде полицейлер тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді.