Қызылордалық полицейлер кезекті жеңістеріне қол жеткізді
Қызылордалық полицейлер кезекті жеңістеріне қол жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 ақпан Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» кешеніндегі Ресей Федерациясы ІІМ-нің басқармасы және ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінімен «Динамо 100 жылдығына» орай самбо күресінен қызмет салалары арасында ашық турнир өткізілді. Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қ.Нұртай, «Байқоңыр» қаласы әкімшілігінің басшысы К.Д.Бусыгин және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының, қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінің басшылары қатысты. Жарыс алты салмақ дәрежесі бойынша өткен болатын. Аталмыш чемпионатқа Қызылорда облысы полиция департаменті құрамасы атынан қатысып 1 орынды иеленді.
Оқу жаттығу взводының қызметкерлері Ержан Абдуллаев 98 келі салмақ категориясы бойынша, Алмат Тайбағаров 88 келі салмақ категориясы бойынша, Қайрат Жалғасбаев 71 каелі салмақ категориясы бойынша және жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері Борис Леденев 98 + келі салмақ категориясы бойынша, Руслан Үсенбекұлы 79 келі салмақ категориясы бойынша, Нұрсұлтан Қарамерген 64 келі салмақ категориясы бойынша жеңімпаз атанды.
Жарысқа қатысушылар мен жүлдегерлер дипломен, кубоктармен, медальдармен марапатталды.