Маңғыстауда РФ азаматынан есірткі мен діни мазмұндағы әдебиет тәркіленді
Маңғыстауда РФ азаматынан есірткі мен діни мазмұндағы әдебиет тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 ақпан күні келіп түскен жедел ақпарат бойынша Маңғыстау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласы 5 шағын аудан аумағында есірткі затын сатумен айналысады деген күдікпен 20 жастағы Ресей Федерациясының азаматы анықталып, ұсталды.
Тексеру барысында қалталарынан 2 дана изолентаға оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ, 1 дана діни кітап, тәсбих және жалдап тұрып жатқан үйіне тінту кезінде арабша жазылған діни парақша мен діни мазмұндағы әдебиет тәркіленді.
Аталған дерек СДТБТ-де ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді.
Қазіргі таңда, қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейін тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.