Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Түркістан облысында жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ аудандық полиция бөліміне 3 бірдей жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің екеуі жүргізуші куәлігін жасап беремін деген әйелге алданғанын айтса, үшіншісі жұмысқа тұрғызып беремін деген жалған уәдеге алданып қалған. Содан арызданушылар алаяққа сұраған ақшасын берген. Яғни, бұл 3 жәбірленушіге алаяқ 1 млн теңге шығын келтірген.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Созақтық тәжірибелі тәртіп сақшылары ақпарат бойынша бірден іздеуге кірісті. Кінәліні анықтауда жан-жақты тексеру шараларын жүргізді. Нәтижесінде тұрғындарды алдаған күдіктінің жеке басы анықталды. Бұл күдікті, яғни Шымкент қаласының тұрғыны өзінің сотты болып, шартты түрде жазасын өтеп жүргеніне қарамастан қайта қылмыс жасаған болып шықты.

Күдікті әйел қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру