Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының ПД қылмыстық істерінің 95%-ы электрондық форматта тергеледі

Қостанай облысының ПД қылмыстық істерінің 95%-ы электрондық форматта тергеледі, -деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков фейсбукте хабарлады.

Электронды түрде тергеудің толық форматына көшу үшін полиция бөліністерінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізіліп жатыр.

Бүгінде бұл форматта Рудный қаласы полиция басқармасының тергеушілері мен анықтаушылары жұмыс істеді. Кеңес жұмысына Рудный қаласы әкімінің міндетін атқарушы Виктор Ионенко және ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Қостанай облысы бойынша комитетінің бастығы 3 сыныпты мемлекеттік кеңесшісі Марат Кайбжанов және Рудный қаласынан Акбар Абдильдин қатысады.

– Облыстың аумақтық бөліністерінде бұл жұмыс үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Тергеу және анықтау бөлімшелері 2018 жылдан бастап дербес компьютерлермен толық жабдықталған, интернет байланысы жолға қойылған. Оң нәтижелер де бар. Тек осы жылдың басынан бастап сот электронды форматта 267 қылмыстық іс келіп түсті, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Электрондық қылмыстық істерді енгізу қылмысты тіркеуден, сотқа дейінгі тергеп-тексеруден, сот талқылауынан және жазаны орындаудың соңына дейінгі барлық қылмыстық процесті қамтиды. Тергеу барысы қадағалаушы прокурорға, сондай-ақ қорғаныс тарапына қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген көлемде онлайн режимінде қолжетімді болды.

Нәтиже қылмыстық процестің мерзімін қысқартуды, қағаз құжат айналымы шығындарын оңтайландыруды және нақты уақыт режимінде іс материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етуді көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру