Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта тұрғын саяжайдағы жылыжай темірлерін ұрлаған

Балқашта саяжайдағы жылыжай темірлерін ұрлап, темір қабылдау орынына өткізген азаматқа қатысты іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы, Балқаш қалалық полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші өзіне тиесілі саяжайға барғанда, белгісіз біреудің жылыжай (теплица) темірлерін ұрлап кеткенін көрген. Күдікті саяжайға еркін кіріп ондағы жылыжайдың 7 металл конструкциясын ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы күдіктіні ұсталды. Ол ұрланған заттарды темір қабылдау орынына өткізгендігі туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қк-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру