Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарызын қайтару үшін бөтелкелесінің ақшасын ұрлаған Түркістан облысының тұрғыны анықталды

Қарызын қайтару үшін бөтелкелесінің ақшасын ұрлаған Түркістан облысының тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі ақшасы ұрланғаны жөнінде шағымданған. Жәбірленуші өз арызында үйіне келген танысы, 100 мың теңгесін жымқырып, қашып кеткенін жеткізді.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы қажетті іздестіру жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде полицейлер Түлкібас ауданының тұрғынын анықтады.

Белгілі болғандай, екі таныс бірге ішімдік ішкен. Нәтижесінде күдікті жәбірленушінің қаражатын қарызын қайтару үшін байқатпай ұрлап кеткен. Айғақты зат ретінде ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру