Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында мал иесінің 168 бас қойын қызметкері жымқырған

Жетісу облысында мал иесі өз қызметкерін ірі қой отарын жымқырды деп айыптады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 ақпан күні Панфилов ауданының полициясына Жаркент қаласының 74 жастағы тұрғыны хабарласып, өзінің жалдамалы малшысының 168 бас қойын жоғалтқаны туралы айтып,  арызданған. Егде жастағы кәсіпкер келтірілген материалдық залалды 7,7 млн теңгеден асады.

Отар қой өткен жылдың көктемінде шалғайдағы шаруа қожалықтарының бірінде жоғалып кеткені анықталды. Полиция қойшының жеке басын анықтады. Ол көрші Үшарал ауылының 58 жастағы тұрғыны болып шықты.

Бұрынғы жұмысшы мал басының жоғалуына қатысы бар екенін мойындады, алайда, қойлардың бір бөлігі жоғалып кетті, екіншісі өлді деп айтып отыр.

– Іс бойынша тергеу амалдары сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салғаны үшін жазаны көздейтін ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігіне (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сәйкес жүргізіледі. Қазір мал басының жоғалуы мен өлімінің барлық жағдайлары тексеріліп жатыр. Тергеу барысында ұсталған адамға қатысты «Келу туралы міндеттеме» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды, – деп хабарлады Панфилов аудандық полиция бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру