Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада такси жүргізушісі 9 жасар қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Елордада такси жүргізушісі 9 жасар қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін жақсарту, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

Тәртіп сақшылары ЖПІШ-тің екінші күнінің қорытындысы бойынша 1400-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісін анықтады, оның ішінде көлік құралдарын мас күйде басқару бойынша 25 факті, қарсы жолаққа шығып кету 10 факті, көлік құралын басқару кезінде телефон пайдалану 60 факті, қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша шамамен 165 факт және т.б. анықталды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізушілердің оқиға орнынан бой тасалап кеткен 27 ЖКО тіркеді.

Мәселен, “102” арнасына елорда тұрғынынан Chevrolet көлігінің жүргізушісі оның 9 жасар қызын қағып кетіп, белгісіз бағытта бой тасалағыны туралы хабарлама түскен. Полицейлер оқиға орныны дереу жетіп, бейнебақылау камераларының көмегімен 20 минут ішінде жүргізушінің кім екендігін анықтады. Бұл жолаушыларды тасымалдаған 24 жастағы такси жүргізушісі болып шықты. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүргіліп жатыр.

.Полицейлер жүргізушілерді жол-көлік оқиғасы болған жерден кетпеуге шақырады. Қала көшелеріне орнатылған бейнебақылау камералары құқықбұзушылықты түсіріп қана қоймай, оқиға орнынан бой тасалап кеткен құқық бұзушыны тез арада ұстауға септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру