Қарағандылық полицейлер автокөліктен ұрлық жасамақшы болған күдіктіні ұстады
Қарағандылық полицейлер автокөліктен ұрлық жасамақшы болған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Таңғы сағат 7:00-де Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне Нүркен Әбдіров даңғылының бойындағы көп қабатты үйлердің бірінде белгісіз біреу автокөліктен ұрлық жасамақшы болды деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу қызметкерлері жіберілді.
36 жастағы азамат полиция қызметкерлеріне таң ата автокөлігінің дабыл құрылғысы ойнағанын, сыртқа шыққанда белгісіз азамат үйлердің арасымен қашып кеткенін айтқан. Белгілі болғандай белгісіз азамат көліктің терезесін сындырып, ішіндегі заттарды ұрламақшы болған. Көлік иесі сыртқа шыққанда ол қашып кеткен. Жәбірленуші күдіктінің сырт келбетін айтып, оның шамамен 30-35 жас аралығында екені туралы ақпарат берді.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы күдікті ұсталды. Ол жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Сондай-ақ күдіктінің осыдан бір апта бұрын, сол аумақтан басқа көліктен ұрлық жасағаны анықталды.
Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 24-188 (Ұрлыққа оқталу) және 188 бабтары (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.