Ақтөбе полицейлері жекпе-жектен ҚР чемпионатында жүлделі орындарға ие болды
Ақтөбе полицейлері жекпе-жектен ҚР чемпионатында тағы да жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкентте 15-17 ақпан аралығында жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жекпе-жекте үш ақтөбелік полицей 65 кг салмақ дәрежесінде Мирас Ұлықпанов, 85 кг салмақ дәрежесінде Айбек Атабаев және 90 кг салмақта Нұрсұлтан Махметов үздік атанды.
Айта кету керек, спортшылар бала кезінен спортпен шұғылданады және әртүрлі республикалық және халықаралық жарыстарда ел намысын бірнеше рет қорғады.
– Чемпионат жақсы бәсекелестік атмосферада өтті. Барлық қатысушылар өте жоғары деңгей көрсетті. Біз өзіміздің жетістіктеріміз үшін жаттықтырушыларымызға зор алғысымызды білдіреміз, сондай-ақ Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшылығына тұрақты қолдау көрсеткені үшін өте ризамыз, – деді спортшы-полицейлер.