Қостанай облысының полицейлері тұрғындарды өрттен құтқарып қалды
Қарабалық ауданының учаскелік полицейлері тұрғындарды өрттен құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарабалық ауданында осындай екі жағдай орын алды. Учаскелік полиция инспекторларының оқиға орынына жедел келулеріне байланысты адам шығынын болдырмауға мүмкіндік туды.
Экстремалды жағдайларда әрекет ету қабілеті – бұл кәсіби маманның қасиеттері. Сондықтан Михайлов кентінің жергілікті тұрғындары өздерінің учаскелік полиция инспекторы Талғат Қаймусинді өз ісінің маманы ретінде сипаттайls7
23 ақпан күні кешкі уақытта учаскелік полиция, әдеттегідей, өзіне сеніп тапсырылған аумақты қарап жүрген кезінде үйлердің бірінің дәлізінен қалың түтін шыққанын байқаған. Ол сол жерде тұратын зейнеткерлерді ояту үшін бірден терезелерді қаға бастаған. Бірақ дабылға ешкім жауап бермеген. Осыған байланысты учаскелік полицей тұрғын үйге кіруге шешім қабылдады. Есікті ашқан сәтте, жоғары температура мен қалың түтінге байланысты бір нәрсені көру қиын болған. Алайда өз өмірін қатерге тігіп, ол екі зейнеткерді қолымен көтеріп алып шыққан.
Тұрғындар құтқарылғаннан кейін, ол оларды көлікке отырғызған. Осы уақытта көршілер келіп, өрт сөндірушілер келгенге дейін отты сөндіре бастады.
Кейінірек Брегеда әулеті Талғат Каймусинге құтқарылған өмірі үшін, ал ата-анасына ұлын дұрыс тәрбиелегені үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ олар алғыс хат жазды.
Қазір зейнеткерлер балаларының үйіне уақытша көшіп келді.
Қарабалық ауданының тағы бір учаскелік полиция инспекторы Руслан Алтанов көршісінің өмірін сақтап қалды.
Белгілі болғандай, үй иесі кешкі асты жылытқысы келген. Бірақ газ баллонының тозығы жеткен. Осының салдарынан,бір сәтте жарылыс болып, үйдің қожайыны соққы толқынымен бірнеше метрге құлап, есінен танып қалды. Үйде оның ағасы болған.Бірақ ол үрейге беріліп, алыс бөлмеге қашып кеткен.
– Жарылыс кезінде мен өз ауламда болдым. Көршінің үйінің терезесінде отты байқап, жағдайды анықтау үшін бірден сол жерге жүгірдім. Мен үйге кірген кезде, кілемдер, перделер өртене бастаған. Көршім Ержан Нысанбаевтың ес-түссіз еденде жатқанын көрдім, – деді Руслан Алтанов.
Бір секундқа да уақыт жоғалтпай, ол адамдарды үйден эвакуациялаған.. Содан кейін ол мүлікті сақтап, өртті сөндіре бастаған.
Үй иесі Ержан Нысанбаев учаскелік полиция қызметкеріне құтқарылған өмірі үшін зор алғысын білдірді. Зардап шегушінің айтуынша, егер полиция қызметкері болмағанда, үйі толығымен өртеніп кетуі мүмкін екендігін атап өтті.