Абай облысында «Заңсыз келуші» ЖПІШ барысында 4688 шетелдік тексерілді
Абай облысында «Заңсыз келуші» ЖПІШ барысында 4688 шетелдік тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жіберетін Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуды анықтау мақсатында 20-28 ақпан аралығында Семей қаласының аумағында Абай облысы ПД Семей қаласы ПБ күштері мен құралдарының қатысуымен «Заңсыз келуші» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
ЖПІШ аясында көші-қон қызметі бөлімі аумақтық бөлімшелермен бірлесіп төмендегідей жұмыстар атқарды:
– Тұрақты және уақытша тұратын жерлері бойынша 4688 (100%) шетелдік азамат тексерілді, оның ішінде 2454 – уақытша тіркелген шетелдіктер, 2234 – тұрақты тұратын шетелдіктер.
– 223 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:
ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 1-бөлігі (Шетелдіктерді уақтылы тіркеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамау) бойынша – ТМД-ның 90 азаматы;
ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі (Үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтару) бойынша – ТМД-ның 50 азаматы;
ҚР ӘҚБтК-нің 5-бабының 5-бөлігі (Заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыру) бойынша – ТМД-ның 52 азаматы;
ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту) бойынша – ҚР 30 азаматы.
ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 7-бөлігі (ҚР аумағы арқылы транзиттік жол жүру ережелерін сақтамау) бойынша – 1 ТМД азаматы;
6 шетел азаматы елден шығарылды. 88 азаматттың елде болу мерзімі қысқарды, оның ішінде: 86 – ТМД, 2 – алыс шетел азаматы.
Қолданыстағы мораторийді ескере отырып, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге (ҚР Президентінің 26.12.2019 ж. №229 Жарлығы), еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыратын шетелдіктерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар орта және ірі кәсіпкерлік объектілерінде және азаматтардың тұрғын үйлерінде жүргізілді.
Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1,2-бабы (Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту) бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабын (ҚР аумағы арқылы транзиттік жол жүру ережелерін сақтамау) жүзеге асыруына тосқауыл бола алады