Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға күдікті адамдар тобы анықталды

Павлодар облысында тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға күдікті адамдар тобы анықталды,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы ПД ҰҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар облысының төрт тұрғынынан тұратын адамдар тобын анықтады, олар «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ Ақсу МАЭС аумағынан тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлады деп күдікке ілінді.

– Кәсіпорынға келтірілген залал 4 млн теңгеден асты. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД ҰҚКБ бастығы Мақсат Сапарғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 19-бабы 1-бөлігі (Адам оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру