Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде драма театр актерлері жазасын өтеушілерге қойылым қойды

Өскеменде драма театр актерлері жазасын өтеушілерге қойылым қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласында облыстық драма театрының актерлері ШҚО бойынша ҚАЖД №17 мекемесінде жазасын өтеушілерге қойылым қойды.

Колонияға “Қара пима” атты психологиялық драмасы көрсетілді. Алғыс айту күні қарсаңында мекеме әкімшілігімен Өскемендік театр ұжымы бірлесіп қайырымдылық акциясын өткізді.

Спектакльдің негізгі тақырыбы – отбасылық драма. Жас сәби кішкентай кезінен бастап өмірлік қиындықтарға тап болады. Анасы қайтыс болғаннан кейін әкесі өмірдегі қиындықтарды көтере алмай маскүнемге айналады. Спектакльде көрсетілген қойылым сотталғандарды отбасы туралы ойлауға итермеледі және көптеген адамдар басты кейіпкерлердің шынайы көз жасынан туындаған көңіл-күй ноталарынан айтарлықтай әсер алды.

Спектакльден кейін сотталғандар әртістерге туындаған эмоциялар үшін шын жүректен қошемет көрсетті. Әртістер жаңа қойылымдармен қонаққа шақырылды. Көптеген көрермендер қойылымға қатысқанына қуанышты болды, оған қоса декорациялар және сахналық реквизиттер қойылымның шынайы болуына өз үлесін қосқандай.

– Біз театрдың осындай бастамасын қуана қолдаймыз және оларды әрдайым қошеметпен қарсы аламыз. Бүгінгі спектакль әрбір сотталушыны одан әрі қалай өмір сүруге болатындығы туралы ойлануға жетелейді деп ойлаймыз, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД №17 мекеме бастығының орынбасары Арман Катанов. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру