Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ҚАЖД-ның 50-ден астам нәзік жанды қызметкері марапатталды

Алматыда ҚАЖД-ның 50-ден астам нәзік жанды қызметкері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық әйелдер күнінде Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы департаментте қызмет атқаратын қыз-келіншектерге ерекше құрмет көрсетті.

– Құрметті аналар мен арулар, бүгінгі мереке – әлемдегі ең ерекше мереке. Бұл күн жаны ізгілік пен мейірімге толы аналардың, айналасына әдемілік пен нәзіктіктің шуағын шашып жүретін арулардың мерекесі. Қылмыстық-атқару жүйесі қаталдық пен тәртіпті талап ететін жүйе болса да, ер-азаматтармен қатар жүріп абыройлы қызмет атқарып жүрген қыз-келіншектер қаншама. Көктемнің шуақты да шырайлы күні – әйелдер мерекесі құтты болсын! Сіздердің барлықтарыңызға отбасылық бақыт пен денсаулық тілеймін, – деді өзінің құттықтау сөзінде департамент бастығы С.Қайырбеков.

Әйелдер мерекесіне орай қызметтегі жетістіктері үшін 50-ден астам қыз-келіншектерге ішкі істер министрлігінің, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің және Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің марапаттары тапсырылды.

Олардың арасында «Қазақстан Республикасына 30 жыл» төсбелгісімен мараптталған Айгүл Құрманбекова мен Толғанай Абай, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған Ақмарал Узибаева, ҚР ІІМ-нің алғыс хатымен марапатталған Жанбота Сапимулик сияқты қызметкерлер бар. Салтанатты мереке соңында қыз-келіншектер Қазақстан өнер жұлдыздарының концертін тамашалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру