Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының ПД-да нәзік жанды полиция қызметкерлерін марапаттау салтанатты іс-шарасы өтті

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет етіп жүрген нәзік жанды полицейлер жайлы ақпарат ұсынады.

Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында облыстық полиция департаментінде ер азаматтармен қатар қоғам тыныштығы жолында аянбай еңбек етіп жатқан погондағы аруларды марапаттау салтанатты іс-шарасы өтті.

Мерекелік шара департамент бастығы, Ерлан Файзуллиннің құттықау сөзімен басталды.

– Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір, әйел-ананың аялы алақанында. Біздің аяулы әріптестеріміз тек отбасының береке-бірлігін ойлап қана қоймай, қоғам тыныштығы үшін аянбай еңбек етуде. Жан-жағына шуақ шашып, айналаны нұрға бөлеген Сіздерге әлемнің бар жақсылығын тілеймін,-деді Ерлан Файзуллин.


Құттықтау салтанатынан кейін, облыстың бас сақшысы Ерлан Жұмасейітұлы қызметте алдыңғы қатардан көрініп, еңбегімен көзге түскен бірқатар нәзік жанды аруларды Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен марапаттады. Министрдің бұйрығымен департаменттің бір қызметкеріне “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медальі берілсе, І дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” кеуде белгісімен 10 қызметкер, 3 погонды аруға “Құрмет грамотасы”, 8 нәзік жанды грамотамен, 11 қызметкер алғыс хатпен марапатталса, дәл солай 11 қыз-келіншекке алғыс жарияланды.
Сондай-ақ департаменттің барлық арулары департамент бастығының бұйрығымен ақшалай марапатталды.

Мерекелік кеш, облыстық полиция департаментінің көркемөнерпаздары мен Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Әуелеген ән айтылып, департаменттің нәзік жанды арулары құрмет кошеметке бөленді.

Осындай мерекелік іс-шара Қарағанды қалалық полиция басқармасы басшылығымен де ұйымдастырылды.

Қалалық полиция басқармасының ер азаматтары қаладағы достық үйінде нәзік жанды аруларға мерекелік кеш ұйымдастырды. Шара барысында әріптестерді басқарма бастығы Шахназар Салин құттықтап, пагонды аруларға алдағы қызметтеріне сәттілік пен ана бақытын тіледі.

Мерекелік шара барысында қызметке адал беріліп, құқықтық тәртіппен отбасының ауыр жүгін арқалаған арулар сый-құрметке бөленді.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру